«Мемлекеттік тіл – қоғамды біріктірудің негізгі факторы» жобасы жүзеге асырылды

«Мемлекеттік тіл – қоғамды біріктірудің негізгі факторы» жобасы жүзеге асырылды

Қоғамдық тұтастық пен тұрақтылықтың сақталуына әсер ететін факторлар қатарында мемлекеттік тіл негізгі орында тұрғаны мәлім. Осы тұрғыдан қоғамның ортақ тілде қарым-қатынас жасап, ақпарат алмасуы өте маңызды. Бүгінгі таңда тіл саясаты саласындағы жұмыс тетіктерін жетілдіруге жаңа серпін беру көзделуде. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар Қазақстан Республикасындағы тіл құрылысының одан әрі дамуын қамтамасыз етті. Дегенмен, халықаралық коммуникация, туризм, заңнама, білім беру, отбасылық тәрбие және демалыс саласында мемлекеттік тілді белсенді қолдану салаларын кеңейтуге, сондай-ақ оны ғылым, медицина, сауда және жаңа технологиялар саласында дамытуға байланысты шешімін табуы тиіс мәселелер бар екені айқындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілген. Осы аталған мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстардың бірі – 2020 жылдың қыркүйек-қараша айларында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау

орталығы» КЕАҚ коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылған «Мемлекеттік тіл – қоғамды біріктірудің негізгі факторы» жобасы.

Жобаның мақсаты – азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуын жандандыру арқылы мемлекеттік тілді білуді насихаттау және танымал ету.

Жоба аясында «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізгі факторы» тақырыбында қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда мемлекеттік тілді дамытудың жағдайы, проблемалары мен перспективалары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. StreamYard (СтримЙард) платформасында жүргізілген кездесулерде саясаткер, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім, саясаттанушы Расул Жұмалы, журналист әрі қоғам бел

 

сендісі Максим Рожин сынды танымал тұлғалар баяндама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

 

Сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдерінің орыс тілді аудиториясына арналған алты онлайн семинар-кездесу өткізілді. Sabak.kz платформасында жүргізілген бұл кездесулерде мемлекеттік тілді дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланды.

Жобаның келесі бағыты бойынша қазақ тілін ана тілі және мемлекеттік тіл ретінде насихаттауға арналған «Анамның тілі» және «Бір тіл – бір әлем» тақырыбындағы бейнероликтер дайындалып, әлеуметтік желілерде жарияланды.

 

Қазақ тілін насихаттауға бағытталған маңызды шаралардың бірі – мемлекеттік тіл мәселелері бойынша сараптамалық пікірлерді жинақтау  және талдау жүргізу, тіл саясаты саласындағы жұмыс тетіктерін жетілдіру бойынша ұсынымдар қалыптастыру. Түсіндіру жұмыстары мен семинарларда айтылған пікірлер және азаматтық қоғамнан алынған сауалнама негізінде еліміздің тіл саясаты

саласындағы жұмыс тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар қамтылған талдамалық анықтама дайындалды.

Жоба аясында атқарылған барлық шараларда мемлекеттік тіл – қоғамды біріктіруші негізгі фактор ретінде насихатталып, қоғамдық тұтастық пен тұрақтылықты сақтау маңыздылығы дәріптелді.

 

#memlekettiktil #мемлекеттіктіл #государственныйязык #CISC2020KZ #grants2020kz #qogamgov #қазақтілі #казахскийязык #тілсаясаты #вебинар #семинар #baitursynulyacademy

Байланыс

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 41
«Silk Way Center» Іскерлік Орталығы

Телефон: +7 705 596 69 80; +7 7172 26 61 34

Эл. пошта: info@bba.kz