Академия құрамы және серіктес ғалымдар

Ұлан Еркінбаев

Ұлан Еркінбаев

Академия директоры

Еркінбай Ұлан Оралұлы

  • 1977 жылдың 24 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қаратау жерінде дүниеге келген.
  • М.Әуезов атындағы Оңтүстік педагогикалық университетінің филология факультетін 1998 жылы үздік нәтижемен тәмәмдаған.
  • 1998 жылы еңбек жолын Шымкент қаласындағы Оңтүстік педагогикалық университетінде қазақ әдебиетінен оқытушылық қызметтен бастайды. 2001-2003 жылдар аралығында Алматыдағы Ұлтттық ғылым академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс жасайды.
  • 2003 жылы Ресей Ғылым Академиясы филология институтына аспирантураға түсіп, 2006 жылы “Ахмет Байтұрсынұлы “Әдебиет танытқышы” әлемдік әдебиеттану контекстінде” тақырыбында кандидаттық диссертация қорғайды.
  • 2007 жылы Ұлттық Ғылым академиясы баспасынан “Әдебиет танытқыштың” теориялық негізі” деген атпен алғашқы ғылыми еңбегі жарық көреді. 2007-2010 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының “Әдебиет теориясы және методологиясы” бөлімінде ғылыми қызметкерлік жұмысын жалғастырды. Осы аралықта “Әлемдік әдебиеттану” екі томдық, “Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ әдебиеттануы” екі томдық, “Бабалар сөзі” жүз томдықтарының редакциялық алқасында және жекелеген тарауларын жазды.
  • Ұлан Оралұлы 2009-2015 жылдар аралығында Алматыдағы халықаралық Сүлеймен Демирал атындағы университетте Қазақ филологиясы және журналистикасы кафедрасының меңгерушісі /2009-2014/, Филология факультетінің деканы /2014-2015/ қызметтерін атқарды.
  • 2015 жылдан қазіргі кезге дейін Қазақ Гуманитарлық Заң университетінің “Қазақ тілі және жалпы тілдер” кафедрасының меңгерушісі қызметі және Delta Consualting Gruup компаниясында Академиялық директор қызметін қоса атқаруда. Елуде тарта кітаптың редакторы, жетпіске жуық ғылыми мақалалары жарық көрген.

Тоқтарбай Елдос

Тоқтарбай Елдос

Академиялық сарапшы
Тоқтарбай Елдос Нүсіпұлы

  • 1993 жылдың 2 қаңтарында Алматы облысы, Көксу ауданында дүниеге келген.
  • 2015 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының Педагогика және филология факультетін бітірген.
  • 2015-2017 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Филология: орыс филологиясы» мамандығы бойынша магистратура бөлімінде білім алған.

  • Жетістіктері:

1) Халықаралық «Жас тілшілер» форумының жеңімпазы (Алматы, 2011);

2) Халықаралық «Дарабоз» әдеби байқауының лауреаты, ІІ орын иегері (Алматы, 2012);

3) Ә.Әлімжанов атындағы сыйлықтың иегері (Алматы, 2013);

4) Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың  лауреаты (Семей, 2013);

5) ҚР Білім және ғылыми министрінің Алғыс хаты және республикалық жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу конкурсында ІІІ дәрежелі диплом (Астана, 2014);

6) «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жас ғалымдар байқауының лауреаты және Бас жүлде иегері (Астана, 2015);

7) Қазақстан Тарихшылары Қауымдастығының «Қазақ хандығына 550 жыл» естелік медалі (Астана, 2015);

  • Авторлық жеке әдеби-ғылыми еңбектері:

1) «Қазақ әдебиеті тарихындағы түрме шығармашылығы және эмигранттық кезең» (Генезис.Эволюция. Поэтика) атты монографияның авторы. (Алматы, Баянжүрек, 2015 жыл, 256 бет)

2) «Қаламгер, ғалым, қайраткер Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұрасы» ғылыми-зерттеу еңбегінің серіктес авторы. (Арқалық, 2013 жыл, 160 бет)

3) «Мен де АрқМПИ түлегімін…» публицистикалық –әдеби мақалалар мен ой-толғамдар кітабының авторы. (Арқалық, 2014 жыл, 180 бет)

  • Ұжымдық жинақтарға енген еңбектері:

1) Қазақ балалар жазушыларына арналған халықаралық «Дарабоз» әдеби байқауында жүлде алған шығармалардың  «Кәусар бұлақ» 6 томына атты әдеби жинағына (Алматы, Баянжүрек, 2012);

2) Жас жазушылардың «Аңсар» жинағына (Астана, 2013, 2014);

3) Жас жазушылардың «Балауса жырлар» жинағына (Арқалық, 2014);

4) Қазақ балалар жазушыларының «Тәтті алма» антологиясына (ІІ том, Астана, Фолиант, 2015);

5) Е.Тоқтарбай,М.Жылқыбай, Д.Смақов, А.Файзолла. «Ақ желкеннің ұландары» (Алматы, Сароба, 2015).

  • Құрастырған ғылыми-әдеби еңбектері:

1) Жазушы Т.Жақыпбайұлының «Қыран» атты әңгімелер мен хикаяттары енген прозалық кітабы (Астана, Фолиант, 2015);

2) «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жас ғалымдардың ғылыми еңбектері (Алматы, Баянжүрек, 2016)

Сымбат Мұхаметжанова

Сымбат Мұхаметжанова

Әдіскер тренер
Мұхаметжанова Сымбат Нұрдәулетқызы

  • 1991 жылдың 6 қаңтарында Алматы облысы, Кербұлақ ауданында дүниеге келген.
  • 2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультетін үздік бітірген.
  • 2016-2018 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша магистратура бөлімінде білім алып, оны үздік нәтижемен тәмамдаған. Гуманитарлық ғылымдар магистрі.
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінің гуманитарлық факультеттерге арналған шет тілдер кафедрасының маманы ретінде қызмет жолын бастаған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінің деканат маманы қызметін атқарған.

Кәсіби біліктілігі:
«Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ филологиясы: өткені, бүгіні мен болашағы» атты қорытынды онлайн-семинар; «Жалпы мектептердегі заманауи тіл, әдеби оқу құралдарының мәселесі: бүгіні мен келешегі» атты семинар (36 сағ.); «Тиімді жұмысқа орналасудың дағдыларын дамыту» тренингі, Алматы.
Ғылыми мақалалары:

  • Шоқан және «Манас»: жыр үзіндісінің жазып алынуы мен жариялануы;
  • Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбектеріндегі әлем әдебиеті үлгілерінің көрінісі;
  • Ш.Уәлиханов зерттеулеріндегі қазақ халқының тарихи тұлғаларының бейнесі;
  • Н.Ә.Назарбаевтың елімізді дамыту стратегиясының координаттар жүйесі;
  • Дүкенбай Досжан шығармаларындағы әйел бейнесі т.б.

Амандықов Олжас

Амандықов Олжас

Ғалым хатшы
Амандықов Олжас Мейрамұлы

  • 1994 жылдың 1 мамырында Қостанай облысы, Аманкелді ауданында дүниеге келген.
  • 2011 жылы Жалдама орта мектебін «Алтын белгімен» бітірген.
  • 2015 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Филология факультетін үздік бітірген.
  • 2015-2017 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша магистратура бөлімінде білім алып, «Түркі тілдері терминдерінің құрылымдық ерекшеліктері» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғап, оны үздік нәтижемен тәмамдаған.
  • Магистранттар мен жас ғалымдар арасындағы халықаралық «Ломоносов оқулары» ғылыми конференциясының 2012-2017жж. жүлдегері.
  • Студенттер арасындағы республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жеңімпазы.
  • «Еуразия көшбасшысы – 2012» зияткерлік ойынының жеңімпазы.
  • 15-ке жуық ғылыми мақаласы бар.
  • Бүгінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты.

Темірлан Жорабай

Темірлан Жорабай

Координатор
  • 1994 жылдың 27-наурызында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.

Білімі:

  • ӘДЕБИЕТТАНУ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР МАГИСТРІ
    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті / 2015-2017
  • Бакалавр 
    Қазақ филологиясы мамандығы Сүлейман Демирел Университеті / 2011-2015
  • Орта білім 
    Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі / 2011

Ізденістері:

  • Оқу-тәрбие ісі және заманауи білім беру
  • Тұлғалық даму
  • Қазақ халқының құндылықтар жүйесі
  • Сөз өнерінің генезисі
  • Әлем әдебиеті
  • Түркі тілдерінің фонетикасы
  • Тілдердің жойылуы мен дамуы
  • Қоғамдық медиа
  • Поэзия және түрлі жанрдағы сценарийлер

Еңбек жолы:

  • «Таңбалы» баспасында редактор, корректор (2012-2015);
  • «Тамшы» ғылым және мәдениет қорында ақпараттық хатшы, жоба менеджері (2015-2016);
  • М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер (2017);
  • «Асыл Мұра Медиа» қоғамдық бірлестігінде сценарист, көркемдік жетекші, ақпараттық хатшы (2017-2018);
  • Qyzyq mektep ЖШС бас атқарушы директор (СЕО) (2018)

Еңбектері:

  • 10-ға жуық түрлі тақырыптардағы кітаптардың редакторы
  • 10-ға жуық ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы
  • 50-ден астам қоғамдық бейнероликтер мен 1 кинофильм сценариінің авторы

Ұйымдастырған және қатысқан жобалар:

  • ЖОО арасындағы айтыс «Білім мен ынтымақ» (2012-2014) – ұйымдастырушы;
  • «Әлемдік балалар классикасын қазақшалау» атты республикалық аудармашылар сайысы – ұйымдастырушы (2012-2014);
  • «Тек «ел» деген сөз үшін!» атты студенттер арасындағы республикалық байқау.
  • Халықаралық «Мағжан» әдеби-шығармашылық, өнер клубы – президент (2012-2014);
  • «Сөз өнері» зерттеу орталығы – мүше (2013-2016);
  • «Ой бағу» интернет TV бағдарламасы – ұйымдатырушы (2015-2016)
  • «Көктем бүрлері» республикалық жыр мүшайрасы – ұйымдастырушы, жоба авторы (2015-2016).
Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ

Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ

Академиялық кеңесші

Филология ғылымдарының докторы, профессор.

Әдебиеттанушы, педагог.

Жантас ЖАҚЫПОВ

Жантас ЖАҚЫПОВ

Академиялық кеңесші

Филология ғылымдарының докторы, профессор.

Тілтанушы, педагог.

Сағымбай ЖҰМАҒҰЛОВ

Сағымбай ЖҰМАҒҰЛОВ

Академиялық кеңесші

Филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы.

Бекжан ӘБДУӘЛИҰЛЫ

Бекжан ӘБДУӘЛИҰЛЫ

Академиялық кеңесші

Филология ғылымдарының докторы, профессор, тілтанушы.

Анар ФАЗЫЛЖАНОВА

Анар ФАЗЫЛЖАНОВА

Академиялық кеңесші

Филология ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, тілтанушы.

Қарлығаш ДҮСІПБАЕВА

Қарлығаш ДҮСІПБАЕВА

Академиялық кеңесші

Филология ғылымдарының кандидаты, тілтанушы.

Ақжігіт ӘЛІБЕКҰЛЫ

Ақжігіт ӘЛІБЕКҰЛЫ

Академиялық кеңесші

Филология ғылымдарының кандидаты, профессор, әдебиеттанушы.

Баян КЕРІМБЕКОВА

Баян КЕРІМБЕКОВА

Академиялық кеңесші

Филология ғылымдарының кандидаты, профессор.

Әдебиеттанушы, әдіскер, педагог.

Әліби ШАПАУОВ

Әліби ШАПАУОВ

Академиялық кеңесші

Филология ғылымдарының кандидаты, профессор, әдебиеттанушы.

 

Байланыс

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 41
«Silk Way Center» Іскерлік Орталығы

Телефон: +7 705 596 69 80; +7 7172 26 61 34

Эл. пошта: info@bba.kz