«COVID-19 пандемиясы жағдайындағы орта білім: алғашқы тәжірибе мен түйткілді мәселелер»

«COVID-19 пандемиясы жағдайындағы орта білім: алғашқы тәжірибе мен түйткілді мәселелер» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтті


А.Байтұрсынұлы Білім Академиясының ұйымдастыруымен өткізілген ғылыми-практикалық шараның мақсаты – қашықтан оқыту жағдайындағы оқыту үдерісінен алынған алғашқы тәжірибелерді талдау, білім беру ұйымдарының тәжірибесіндегі мәселелермен және ұтымды шешімдермен танысу, ғалымдар, мектеп басшылары мен мұғалімдерінің ұсыныстары негізінде қолданбалы кепілдемелер тұжырымдау болатын.

Конференция төтенше жағдайдағы қашықтан оқытуға жаппай көшу ықпалымен туындаған мәселелерді бүкпесіз талдауға, олардың шешімін іздеуге диалогтық алаң рөлін атқарды. Атап айтқанда, мектептердің және мектеп қызметкерлерінің интернетке қолжетімділігі, онлайн/оффлайн ресурстардың мазмұндылығы, ұстаздардың шәкірттерге қозғау салу қабілеті, сабаққа қызықтыра алуы, оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі, бағалау адалдығы, мектеп әкімшілігі мен қызметкерлерінің өзара жауапкершілігі, ата-ананың бала оқуын бақылаудағы жауапкершілігінің артуы, білім берудің тәрбиелік және
денсаулық сақтау қызметі, т.с.с.

Конференцияға республика көлемінде ЖОО-лар мен ғалымдары, жергілікті білім басқармалары мен әдістемелік орталықтардың мамандары, қалалық, ауылдық мектептердің әкімшілігі және мұғалімдерден құралған 200-ге жуық маман қатысты.

Конференция барысында талқыланған мәселелер мен пікірлерді жинақтай келе келесі қорытындылар жасалды:
– Төтенше жағдайда мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыстың бірізге түсірілуі;
– Қашықтан оқытудағы құндылыққа қатысты мазмұнды жетілдіру;
– Онлайн ашық кітапханалардың қолжетімділігін жүйелеу;
– Арнайы жаратылыстану, гуманитарлық бағыттағы кешенді білім беру платформаларының қажеттілігі;
– Онлайн платформаларының салалық мамандар тарапынан жасалуы;
– Білім беру ісінің академиялық адалдық, ұжымдық және теңдей құқықтық қағидаларға негізделуін қадағалау;
– Мектептерді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу онлайн платформасын жасау;
– Онлайн әдістемелік кеңес жүйесін іске қосу;
– Мұғалімдердің біліктілік өлшемдерін айқындау;
– Мұғалімдердің көшбасшылық қабілетін, базалық білімі мен сандық сауаттылығын шыңдау;
– Педагогтерге әкімшілік қолдау көрсету;
– Оқу-тәрбие жұмысын қашықтықтан жүргізуде білімгерлердің қызығушылығы мен әлеуметтік желілердегі белсенділігін ескеру.

Байланыс

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 41
«Silk Way Center» Іскерлік Орталығы

Телефон: +7 705 596 69 80; +7 7172 26 61 34

Эл. пошта: info@bba.kz