А.Байтұрсынұлы Білім Академиясының жобалары

А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ  БІЛІМ  АКАДЕМИЯСЫ

2018-2020 жылдарға арналған стратегиялық іс-шаралар

ЖОСПАРЫ:

  • Q-TEST. Жобасының мақсаты – қазақ тілді меңгеру деңгейінің халықаралық бағалау жүйесін қалыптастыру. Қазіргі заман талаптарына сай қазақ тілінің барлық мүмкіндіктерін қолдану, қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтаудың заманауи жүйесі.
  • «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» атты оқытушылар арасындағы республикалық конкурс. Жобаның мақсаты – мемлекеттік тілді үйретудің стандарттан тыс жолдарын, үздік тәсілдерін анықтау, ортақ базасын жасау.
  • «Ұстаз бақыты» – «USTAZ TALKS». Әлеуметтік маңызы бар тележоба. Жобаның мақсаты – қоғамда педагогикалық мамандық иелерінің өмірін насихаттау, білім беру аясындағы ерекше оқиғаларды, тұлғаларды таныту.
  • «Бабалар сөзі» –  ғылыми-танымдық жоба. Әлемде аналогы жоқ «Бабалар сөзі 100 томдығы» негізінде жасалады. Рухани жаңғыру бағдарламасындағы ұлттық идентификация бөліміндегі мәселелерді қамтиды.
  • «Ұлы дала тарихы / History of the Great Land». Электронды ашық портал түріндегі кешенді жоба. Кәсіби аудармашылардың республикалық конкурсы. Жоба аясында еліміздің белгілі тарихи жерлері жайлы ағылшын тілінде толыққанды мағлұмат таратылады. Үздік аудармалар іріктеліп, марапатталады. Жоба «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының контекстіне тікелей қатысты.
  • «Латын қарпіне негізделген жаңа қазақ әліпбиі» – ғылыми қолданбалы жоба. Жоба аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде латын графикасы бойынша жылдам жазып үйрену тәсілдері меңгеріледі.
  • «Шешендік өнер». Шешендік өнер жобасының мақсаты – ел жастарын аудитория алдында емін-еркін, ойын ашық әрі нанымды жеткізуге үйрету және сөйлеу дағдысын арттыру.
  • «XXI ғасыр мектебінің функциясы қандай?» / What functions should the schools of the 21st century have? Қазіргі орта мектептегі жаңа оқу бағдарламасының ерекшеліктерін талқылау, жалпыға түсіндіру.
  • «Латын графикасы: оқыту және жазу методикасы». Жобаның мақсаты – латын гарафикасын мектептерге енгізу методикаларының, бағдарламаларының ерекшеліктерін талқылау, жалпыға түсіндіру.
  • «Білім беру менеджментіндегі жаңа трендтер» / New trends in education management. Жобаның мақсаты – қазіргі орта мектептегі жаңа оқу бағдарламасының ерекшеліктерін талқылау, жалпыға түсіндіру.

Байланыс

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 41
«Silk Way Center» Іскерлік Орталығы

Телефон: +7 705 596 69 80; +7 7172 26 61 34

Эл. пошта: info@bba.kz