ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫ

ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫ

Жаңа әліпбиді оқыту жолдарын жан-жақты меңгеруді қаласаңыздар, мәрхабат!

А.Байтұрсынұлы Білім Академиясы 2019 жылдың 24-29 маусым аралығында өтетін педагог қызметкерлерге арналған «ЛАТЫН ГРАФИКАСЫ: ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» (72 сағ.) біліктілік арттыру курсына шақырады (Авторлық құқық туралы Куәлік №2890, 18 сәуір 2019ж.).

Курс мақсаты:
– оқыту процесінде латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан меңгерту;
– педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;
– педагог қызметкерлерге әдістемелік қолдау көрсету.

Қарастырылатын тақырыптар:
– Жаңа қазақ жазуының әлеуметтік мәні мен маңызы;
– Қазақ графикасы мен орфографиясын оқытудың әдістемелік негіздері;
– Қолдағды және көздағды машықтарын қалыптастыру;
– Жаңа әліпбиді меңгертудің озық тәсілдері.

Курстың ерекшеліктері:
– Белсенді оқыту әдістері;
– Әліпбиді оқытуға арналған кешенді жаттығу жұмыстары;
– Ойын арқылы оқыту;
– Оқыту әдістері психолингвистика, когнитивті лингвистика, қолданбалы лингвистика салаларының теориялық-практикалық негіздеріне сүйеніп дайындалған;
– Жайлы психологиялық орта;
– Еркін коммуникация;
– Курста үлестірме материалдар, кеңсе тауарлары, түскі ас қамтасыз етіледі.

Өтетін күндері: 24-29.06.2019, сағат: 09:00-18.00

Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 41. «Silk Way Center» Іскерлік орталығы, 2-қабат, Конференц-залы.

Тіркелу мерзімі: 2019 жылдың 20 маусымына дейін.

Тіркелу үшін төмендегі сілтеме арқылы өтінімді толтыру қажет: https://forms.gle/zRXAf4MfKUWNEqKZ7

Барлық сұрақтар бойынша:
info@bba.kz
+7 705 596 69 80

Тыңдаушылар саны шектеулі.

Байланыс

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 41
«Silk Way Center» Іскерлік Орталығы

Телефон: +7 705 596 69 80; +7 7172 26 61 34

Эл. пошта: info@bba.kz