«Сандық дәуірдегі білім беру: ЖОО мен мектеп сабақтастығы» онлайн конференциясы өтті

«САНДЫҚ ДӘУІРДЕГІ БІЛІМ БЕРУ:
ЖОО МЕН МЕКТЕП САБАҚТАСТЫҒЫ» тақырыбында
республикалық онлайн конференция өтті.

Конференция мақсаты – отандық ғылым мен білімнің қазіргі таңдағы хал-ахуалы мен болашақтағы бағыт бағдары жөнінде пікір алмасу, COVID-19 пандемиясының салдарынан ғылым-білім саласында орын алып жатқан мәселелерді талқылау болатын.
Конференция барысында  тақырыпқа орай Академиялық кеңес мүшелері арасында пікіралмасу, талқылау онлайн алаңы ұйымдастырлды. Ғылым-білім саласында орын алған соңғы өзгерістерге байланысты ұсыныстар ортаға салынып, шешім жолдары қарастырылды.

Конференцияда қарастырылған мәселелер:

– Жаппай цифрлық оқытуда білім беру құндылықтары өзгерді ме?
– Онлайн кеңістік ғылым мен практикаға қалай әсер етті?
– Білім беруді автоматтандырудың ерекшеліктері қандай?
– Сандық технология білімгерлердің әлеуметтік жіктелуін айқындай түсе ме?
– Ұстаздар оқшаулана ала ма?
– Педагог психикасы өзгерді ме?

Байланыс

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 41
«Silk Way Center» Іскерлік Орталығы

Телефон: +7 705 596 69 80; +7 7172 26 61 34

Эл. пошта: info@bba.kz